Содержание
Аннотация
Отзывы
Оқулықтың мазмұны «Есеп жəне аудит» мамандығына бағытталған оқу бағдар- ламасына сəйкес дайындалған. Бұл оқулықта жалпыға бірдей қаржылық есептілік дайындауға қажетті қаржылық есептің негізгі тақырыптарының əдіснамасы мен тəжі- рибесі мазмұндалды. Олар – есептік саясат; сатуға мақсатталған ұзақ мерзімді актив- тер; міндеттемелер; валюталық бағамдардың ықпалы; акцияға тиесілі пайда; пайдаға тиесілі салық. Ерекше назар барлық нысандағы инвестицияларға аударылды: қаржы- лық құралдарға салымдар, жылжымайтын мүлікке, оның ішінде жалдауға салымдар, бизнестерді біріктіруге негізгі құрал болып табылатын үлестік бағалы қағаздарға инвестициялар. Осылардың логикалық қорытындысы ретінде шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрастыру процедуралары мен əдіснамасы егжей-тегжейлі қарастырылды. Оқулықтың мəтіні тəжірибелік мысалдарды бухгалтерлік жазулары жəне соларға сəйкес қаржылық есептіліктің үзінділерімен сүйемелдеу арқылы мазмұндалды. Əрбір тақырып үшін мысалдар шешімдерімен бейнеленіп берілді. Оқулықта қолданылған компаниялардың атаулары мен сандық мəліметтер шарт- ты түрде берілген. Оқулық экономикалық жоғарғы оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттарына, сонымен қатар кəсіби бухгалтерлерге ұсынылады.



