Содержание
Аннотация
Отзывы
Сіздің қолыңыздағы басылым үш кітаптан тұратын еңбектің бірінші кітабы. Құрастырушылардың мақсаты – тарих, археологиялық ескерткіштер, табиғат, салт-дәстүрлер арқылы Жетісу өңірінің толық әрі көлемді келбетін бейнелеумен қатар, энциклопедиялар, жинақтар, ғылыми-зерттеу институттары мен Алматы облысында жүргізілген ғылыми және далалық-зерттеу жұмыстарының есептері негізінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық өзгерістерді көрсету. Әр кітапта ерекше санаттағы ақпараттар берілген. «Таста қалған тарих» деп аталатын бірінші кітапқа Алматы облысы аумағында орналасқан, мемлекет қорғауына алынған, қола, ерте темір дәуірі (ЕТД) мен орта ғасыр археологиялық ескерткіштері, тарихы, қала құрылысы, сәулет өнері туралы мақалалар және ғылыми-анықтамалық материалдар енгізілді. Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытқан оқырмандарға арналады.



