Содержание
Аннотация
Отзывы
«Жетісу дала тарихы» – «Құдіретті дала өркениетінің тарихы» атты үш томдық басылымның екінші кітабы. Ғылыми танымдық еңбекте Жетісу аумағында түркі кезеңінде тіршілік еткен орта ғасырлық мемлекеттер, ғылым мен діннің таралуы, мәдениеттер мен диалогтардың өзара жақындасуындағы Ұлы Жібек жолының ролі туралы мақалалар мен материалдар қамтылған. Моңғол және кейінгі орта ғасырлық кезең, Қазақ хандығының қалыптасуы, рулық-тайпалық құрылымы, этникалық құрамы, Қазақтардың Жеті Жарғы заңнамасы, Жоңғарлармен шайқас, қазақтардың әскери өнері, Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы, одан кейінгі отарлау, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Жетісу тарихы туралы материалдар енгізілген. Отаршылдық, столыпиндік реформа және оның салдарлары, переселендер. Казактар, Қазақ халқының көп ғасырлық дүниетаным құрылымының қиратылып, бұзылуы, 1916 жылғы азаттық үшін болған ұлттық күрес, Алашорда үкіметі, Қазан төңкерісі, жаңа экономикалық саясат, социализмнің сталиндік моделі жайлы мәліметтер берілген. Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытқан оқырмандарға арналады.



