Оқырман назарына ұсынылып отырған бұл кітап қазақ өнері мен мәдениетіндегі тәуелсіздік идеясы мәселелеріне арналған. Өнердің басты салалары бейнелеу, музыка, театр өнеріндегі елеулі туындыларда халықтың, мемлекеттің өзіндік қайталанбас жолын табуға, азаттығын баянды етуге ұмтылған ізденістері мен идеялық көзқарастарын республиканың белгілі өнертанушы ғалымдары жан-жақты зерделеп ой елегінен өткізуде. Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдық мерейтойы қарсаңында қолға алынған бұл өзекті тақырып пен көтерілген мәселе келешекте жалғасын табады деп жоспарлануда. Кітап өнертану, мәдениеттану саласының мамандарына, казак өнерінің тарихы мен теориялық мәселелерін оқып үйренетін жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттеріне және жалпы жұртшылыққа арналған.
ISBN: ISBN 978-601-230-013-2