
Добавлено
Уже добавлено
Humorous stories, Қызықты әнгімелер, Смешные истории
Бағасы
5 000 ₸
Мұқаба
Жұқа
Қатты
E - book
- Электрондық кітапқа қол жеткізу төлем жасалғаннан кейін іске қосылады. Төлемді растау біздің серверден және төлем жүйесінің серверінен келеді.
- Электрондық кітап файлдары жүктеу үшін пайдаланушыларға ұсынылмайды.
- Пайдаланушы сатып алған барлық электронды кітаптар жеке кабинеттің «Менің кітаптарым» бөлімінде шектеусіз уақытқа қол жетімді болады.
Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазіргі заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. Бүгінгі күні біз «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген халық даналығын ойымыздан шығармағанымыз жөн. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылып келеді. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі», – десе елбасымыз, соның ішінде «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» деп атап айтқан еді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым министрлігі мен мәдениет және спорт министрлігіне бірлесіп «Үш тілде білім беруді дамыту жол картасын» дайындауды тапсырған еді. Онда мемлекет басшысы «үш тілді білу ойдан шығарылған дүние емес, бұл қажеттілік» – деген болатын. Орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. Жоғары оқу орнында да ағылшын мен орыс тілін қазақ тілімен біріктіріліп қана оқытылуы керек. «Үш тұғырлы тілді» тек мәдениетаралық қатынас негізінде қарап, ақпарат алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинау үшін үйретіледі. Оқу кітабында ағылшын тілін үйренуші мектеп оқушыларына, студенттерге, кез келген тіл үйренушіге арналған қызықты мәтіндер жинағы берілген. Мәтіндерге ауызекі сөйлеу қабілетін дамытуға арналған сұрақтар мен әртүрлі қызықты жаттығулар берілген. Жаттығулардың көмегімен сөз қоры өсіп, әңгімелеп айту дағдылары қалыптасады. Әр мәтіннің сөздігі үш : ағылшын орыс, қазақ тілдерінде берілген. Оқу кітабы мектеп оқушыларына, орыс мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне, қазақ мектебінде де қазақ тілі мұғалімдеріне , ағылшын тілі мұғалімдеріне, университет студенттеріне, мұғалімдеріне де көп көмегі тиетін қосымша оқу құралы ретінде және барлық жастағы ағылшын тілін үйренушілерге арналады.